​Жас жігіт такси шопырын өлтіріп, көлігін сатып жіберген

0
1 158

Полиция ведомствосының мәліметінше, 20 шілдеде такси жүргізушісінің мәйіті табылған.


​Жас жігіт такси шопырын өлтіріп, көлігін сатып жіберген

ERNUR.KZ.Павлодарда екі кісі өлтірді деген күдікпен 19 жастағы облыс тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды өңірдің ішкі істер департаменті. Бұл туралы sputniknews.kz сайты жазады.

Полиция ведомствосының мәліметінше, 20 шілдеде такси жүргізушісінің мәйіті табылған.

Полиция қызметкерлері 1963 жылы туған ер адамды өлтірді деген күдікпен 19 жастағы Павлодар облысы тұрғынын ұстады. Полиция хабарлағандай, "ұсталған тұлға бірнеше күн бұрын 1974 жылы туған тағы бір ер адамды өлтірді деген күдікке ілінген".

Аталған деректер бойынша ҚК 99-бабына (кісі өлтіру) сәйкес тергеу амалдары жүріп жатыр.

Өлтірілгендердің екеуі де таксист болып істеген екен.

Бірінші таксистің көлігін сатып алған ТҚКС да қылмыстық жауапкершілікке тартылды.