"Жасөспірім қызды зорлады": Шығыс Қазақстанда ауыл тұрғындары дабыл қақты

0
543

Бұл ақпаратқа қатысты Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті тергеу амалдарын бастаған.


ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысындағы Тұғыл ауылының тұрғындары дабыл қақты. Айтуларынша, ауылда анасыз қалған 12 жастағы қызды зорлап кеткен, деп жазады sputnik.kz.

Тұғыл ауылының тұрғындары "НеМолчи.кз" қоғамдық қорына хат жолдаған.
"12 жастағы қыз әкесімен тұрады. Әкесі үнемі ішімдік ішеді. Үйіне бөтен ер адамдарды әкеледі. Қыз өте ақылды, тәрбиелі. Бұл отбасының жағдайын қорғаншылық ұйымдары мен әкімшілік жақсы біледі. Бірақ еш шара қолданбайды. Осы отбасыға көмектескенсіп жүретін 30 жастағы ер адам қыз баланы зорлап кеткен. Енді түк болмағандай бостандықта жүр", - деп жазылған хатта.
Тұрғындар педофиль тиісті жазасын алсын, өйткені ол басқаларға да қауіп төндіреді дейді. Қыздың жағдайын мектеп әкімшілігі мен полиция біледі. Бірақ жауапкершіліктен қашып, қызды Алматыға жібермек.
Бұл ақпаратқа қатысты Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті тергеу амалдарын бастаған.
"Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті 12 қарашада сотқа дейінгі тергеу бастады. Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықталып жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді", - деп мәлімдеді полицияның баспасөз қызметі.