Жазғы мектепте жұмыс істеген мұғалімдерге үстемақы төлене ме – Білім министрлігінің жауабы

0
752

Еліміз бойынша қосымша білім алғысы келген оқушыларға арналған жазғы мектеп 26 мамыр мен 17 маусым аралығында ұйымдастырылады.


Жазғы мектепте жұмыс істеген мұғалімдерге үстемақы төлене ме – Білім министрлігінің жауабы

ERNUR.KZ. Биылғы оқу жылында коронавирус індетінің салдарынан еліміздің кейбір аймақтарында орта білім беру мекемелеріндегі сыныптар карантинге жабылды. Әрине бұл мектеп оқушыларының білім алу процесіне өз әсерін тигізді. Осы орайда еліміздің Білім және ғылым министрлігі каникул кезінде оқушыларға арналған жазғы мектеп ұйымдырмақ, деп жазады Stan.kz.

"Жазғы мектеп республика бойынша жүзеге асырылады. Және ол ата-ана мен оқушының еркіне беріледі. Жазғы мектептің мақсаты – оқушылардың карантин салдарынан жеткілікті деңгейде игере алмай қалған тақырыптарын тереңдетіп үйретуді көздейді. Оқу форматын әр мектеп басшылығы өздері шешеді. Яғни сабақты топпен өткізеді немесе жеке түрде ұйымдастыруы да мүмкін. Және арнайы сабақ кестесі құрылады", - деді ҚР Білім және ғылым министрлігі, мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы Майра Мелдебекова.

Еліміз бойынша қосымша білім алғысы келген оқушыларға арналған жазғы мектеп 26 мамыр мен 17 маусым аралығында ұйымдастырылады.

"Қазіргі қанша оқушы оқитыны туралы статистикалық база жасақталып жатыр. Сонымен қатар, Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы әр сынып бойынша мектеп бағдарламасының оқушыға игеруге қиынға соғады деген тақырыптарға сараптама жасап, біз сол бойынша мектептерге методикалық көмекші құрал әзірледік", - дейді ол.

Бұл жердегі екінші мәселе мұғалімдердің еңбегі, каникул кезінде жұмыс істеп, сабақ өткізетін мектеп ұстаздарына қосымша үстемақы немесе сыйақы төлене ме.

"Өздеріңіз білесіздер, жазғы каникул 3 ай яғни 90 күнге созылады. Оның ішінде мұғалімдердің демалыс уақыты заңға сәйкес 56 күн. Демек мұғалімдер тиісті 56 күнін демалады да, қалған уақытта тәртіпке сай жұмысын жалғастыратын болады. Сондықтан жазғы мектепке кезінде мұғалімдер күнделікті жұмыс барысы ретінде атқаратын болады", - деді ҚР Білім және ғылым министрлігі, Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрағасы Майра Мелдебекова.