Жемқорлыққа қарсы семинар өткізіп жүрген полицейдің өзі парамен ұсталды

0
1 187

Ұсталған төрт полицейдің үстінен іс қозғалған.


Жемқорлыққа қарсы семинар өткізіп жүрген полицейдің өзі парамен ұсталды

ERNUR.KZ. Алматыда мамандандырылған күзет қызметі басқармасының төрт қызметкері парамен ұсталды деп жазады almaty.

«Алматы қаласының мамандандырылған тергеу соты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының сұранысымен 2018 жылдың 29 желтоқсанында Дзигалюк, Нысанбаев, Орынбаев және Арашевты 2 айға қамауда ұстау туралы шешім шығарды», - делінген аталған хабарламада.

Сот мәліметінше, ұсталған төрт полицейдің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы, 3-тармағының 1-4 тармақшалары бойынша (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, қорқыту арқылы, аса ірі көлемде және бірнеше рет пара алу) іс қозғалған.

Осы ретте айта кету керек, ұсталған күдіктілердің бірі Игорь Дзигалюк – аталған басқарманың басшысы. Ол 2017 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәрістер өткізген.