Жеті жылға сотталған Бақытгүл Хаменова сот үкіміне аппеляциялық шағым түсірді

0
564

Сот Хаменованы ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы (Адамдар тобымен ірі мөлшерде пара алу) бойынша кінәлі деп тапты.


Жеті жылға сотталған Бақытгүл Хаменова сот үкіміне аппеляциялық шағым түсірді

ERNUR.KZ. Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова сот үкіміне аппеляциялық шағым түсірді, деп жазады stan.kz.

Атырау облысы сотының баспасөз қызметі Бақытгүл Хаменова мен оның қорғаушысы апелляциялық шағым беру арқылы бірінші сатыдағы соттың шешіміне наразылық білдіргенін растады.

"Бірінші сатыдағы сотқа Хаменовадан, оның адвокаты Вранчевтан апелляциялық шағым түсті. Бірақ іс әлі алқа қарауына берілген жоқ", – деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Айта кетсек, Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Сот Хаменованы ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы (Адамдар тобымен ірі мөлшерде пара алу) бойынша кінәлі деп тапты. Ол өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырумен 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Балаларының болуына байланысты жазаны өтеу 3 жылға шегерілді. Ол сонымен қоса "Құрмет" орденінен де айырылды.