Жетісу облысында бұқа екі адамды сүзді - видео

0
663

Салдарынан бір әйелдің жамбас сүйегі сынған.


Жетісу облысында бұқа екі адамды сүзді - видео

ERNUR.KZ. Жетісу облысындағы ауылда бұқа екі зейнеткерді сүзіп алды. Салдарынан бір әйелдің жамбас сүйегі сынған, деп жазады sputnik.kz.


"Көшеде жүрген бұқа 70 жастағы екі зейнеткерді сүзді. Ол ауруханаға түсті. Бұған дейін билік малды қараусыз бағуға болмайтынын ескерткен болатын. Олар бұл мәселені аудан билігіне жолдады, бірақ әзірге ешқандай әрекет жоқ", - деді ауыл тұрғындары.
Кербұлақ ауданының әкімдігінде бұқаның иесін тауып, айыппұл салынғанын хабарлады.
"Жануардың иесі анықталып, онымен түсіндіру жұмысы жүргізілді. Учаскелік полиция қызметкері оған 10 АЕК (30 630 теңге) айыппұл салды, жануардың иесі зардап шеккен адамды дәрі – дәрмекпен қамтамасыз етеді", - деп хабарлады әкімдік.
Кербұлақ аудандық полиция қызметкерлері Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 408-бабына сәйкес жыл басынан бері 315 адамға айыппұл салынғанын хабарлады.
"Осыған қарамастан, қараусыз жайылып жүрген мал саны азайған жоқ. Қазіргі уақытта Кербұлақ ауданының аумағында жануарларды уақытша ұстау пунктінің құрылысы жоспарланып отыр", - деп толықтырды полиция.