Лоттың техникалық сипаттамасында кәмпит жұмсақ, шоколад қосылған және құрамында алкоголь болуы керек деп көрсетілген.
ERNUR.KZ. Жезқазған қаласының "Балдырған" бөбекжай әкімшілігі мектеп жасына дейінгі балаларға құрамында алкоголь бар жүз келі кәмпит сатып алған, деп жазады Tengrinews.kz.
Goszakup.kz сайтында құрамында алкоголь бар 100 келі шоколад кәмпиттерін сатып алу туралы лот жарияланды. Сайт деректері бойынша, сатып алу жүзеге асып қойған. Лоттың техникалық сипаттамасында кәмпит жұмсақ, шоколад қосылған және құрамында алкоголь болуы керек деп көрсетілген.
Қарағанды облысының білім басқармасы лотқа қатысты түсінік берді. Жезқазғанның білім бөлімі мәліметіне сүйенсек, лот сипаттамасында қате кеткен.
"Тәрбиеленушілер мен білім алушылардыға арналған тауарды сатып алу бойынша 2021 жылдың 2 наурызында "Мемлекеттік сатып алу порталына берілген сипаттамада" "Балдырған" бөбекжайы" техникалық қате жіберген. Конкурс 16 наурыздан бастап тоқтатылды. "Балдырған" бөбекжайының" басшысына қатысты тиісті шаралар қабылданады", - деп хабарлады Жезқазған қаласының білім беру бөлімінің өкілдері.