Жігіт пен қыздың ойын алаңындағы әдепсіз қылығы Алматы тұрғынының ашуына тиді

0
434

Полиция департаменті қаладағы әдепсіз әрекет жасаған жастарды іздеуге кіріскенін хабарлады.


Жігіт пен қыздың ойын алаңындағы әдепсіз қылығы Алматы тұрғынының ашуына тиді

ERNUR.KZ. Алматы тұрғыны жігіт пен қыздың тапа-тал түсте балалар алаңындағы әдепсіз қылығына ашуланды, деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға 30 мамырда түс уақытында Райымбек даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінің ауласында болды. Оқиғаның куәгері - жергілікті тұрғын пәтерінің терезесінен не болып жатқанын бақылап тұрған. Оның айтуынша, жігіт пен қыз ұзақ уақыт құшақтасып, сүйісіп, кейін "ұятсыз істерге" кіріскен. Осы кезде әйел камераны қосып, барлығын видеоға түсіріп алған.

"Әдепсіздік күндіз болып жатыр. Сағат 15:00 шамасында бұл қыз бен жігіт кәдімгідей айналысты. Аула ішінде. Ол жердегі ойын алаңында кішентай балалар болды", - деп ашуланды тұрғын.

Полиция департаменті қаладағы әдепсіз әрекет жасаған жастарды іздеуге кіріскенін хабарлады.

"Бұл дерек бойынша Алатау аудандық полиция бөлімі тексеру шараларын жүргізіп жатыр. Құқық бұзушылық жасаған жер анықталды. Учаскелік инспекторлар қосылды. Құқық бұзушылар міндетті түрде анықталып, әдепсіз әрекеттері үшін жауапқа тартылады", - деді ведомствоның ресми өкілі Салтанат Әзірбек.