Кандидат Жигули Дайрабаев партияластарымен, МДТШ еңбек ұжымымен кездесу барысында тәжірибелік алқаптарды аралап, сайлауалды бағдарламасымен бөлісті, елімізді аграрлық державаға айналдыру үшін қорға осындай жақсы тұқымдар қажет екенін айтты.
ҚР Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев бүгін Фарид Әбитаев басқаратын майлы дақылдардың тәжірибе шаруашылығы қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ұжым бүгінде сүт өндіру және өсімдік шаруашылығы бойынша республикада өте жоғары көрсеткішке ие. Майлы дақылдардың тұқым шаруашылығы саласында жетекші орында. Өз селекциясын жүргізетін заманауи тәжірибе жасау алқаптары бар. Былтыр «Ауыл» партиясы, Фарид Әбитаев және майлы дақылдардың тәжірибе шаруашылығы «Жаңа Қазақстанға жаңа ауыл» бағдарламасы аясында ШҚО-ның шалғай аудандарында МДТШ есебінен жаңа жерлерді игеруге, шағын шаруа қожалықтарының кірісін арттыруғажақсы мүмкіндік беретін, тауар өндірушілер үшін тегін майлы дақылдардың күнбағыс гибридін екті.
Кандидат Жигули Дайрабаев партияластарымен, МДТШ еңбек ұжымымен кездесу барысында тәжірибелік алқаптарды аралап, сайлауалды бағдарламасымен бөлісті, елімізді аграрлық державаға айналдыру үшін қорға осындай жақсы тұқымдар қажет екенін айтты. Бүгінде Қазақстанда жетіспейтін тұқым шаруашылығын дамытудың өте маңызды екендігіне тоқталды. Мұнда Фарид Әбитаевтың тәжірибесі, МДТШ негіз ретінде алынуы керек. Олар қолданатын технологиялардан топырақ сапасы айтарлықтай жақсартатынына көз жетті. Ал бүгінде Қазақстанда қолданылатын технология топырақ сапасын жақсартпайды, тек сақтайды. 5-10 алқапты ауыспалы егістігі бар МДТШ тәжірибе алқаптарындағы топырақ құрылымының жылдан жылға жақсарып келе жатқаны бірден байқалады.
Кандидат бұдан кейін жергілікті голштин тұқымы өсірілетін, жоғары өнімділігімен танымал сүт және мал шаруашылығы кешеніне барды. Ұжым жоғары көрсеткішке сапалы менеджмент пен жақсы жем-шөп базасы арқасында жетіп отыр. Мұнда қызметкерлер тұрақты жалақымен қамтамасыз етілген. МДТШ «Солнечный» кентіндегі ауыл тұрғындарына қашанда қамқор. Шаруашылық өзқызметкерлері үшін жақсы, заманауи үйлер салып, оларды тұрғын үймен қамтамасыз етуде. Табысты фермерлік ауылдың дамуына, жергілікті ауыл тұрғындары әл-ауқатының артуына осылай сеп болып отыр.