Жоғалып кеткен "Мисс Қызылорда - 2017" Тараздан табылды

0
592

Полиция басқармасы қыздың аман-есен табылғанын хабарлады.


Жоғалып кеткен

ERNUR.KZ. Алматыда іздеу жарияланған "Қазақстан аруы-2019" байқауының финалисті Тараз қаласынан табылды, деп жазады Stan.kz.

Полиция басқармасы қыздың аман-есен табылғанын хабарлады.


"Анықталғандай, қыз бір күн бұрын ешкімге ескертпестен, Тараз қаласына кетіп қалған. Қыз жақындарымен байланысқа шықты. Ол аман-есен, жағдайы жақсы", - деп хабарлады полиция департаменті.


Еске салсақ, әлеуметтік желілерде "Қазақстан аруы – 2019" байқауының финалисті Гүлнұр Нұртазинаның жоғалғаны туралы ақпарат пайда болды.

Кеше кешкісін Алатау облысының полиция бөліміне қыздың жоғалып кеткені туралы мәлімдеме келіп түсті. Гүлнұр Нұртаза - "Мисс Қызылорда-2017" байқауының жеңімпазы болған. Қазір ол Алматы қаласында жұмыс істейді.