Еске салсақ, кеше қытайлық компанияның 80-нен астам қызметкері әлеуметтік желі арқылы Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаев пен облыс әкіміне жалақыны көтеру мен еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен болатын.
ERNUR.KZ. Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров "Меркі-Шу-Бурылбайтал" тас жолын салушы жұмысшылардың еңбекақысын көтеруге байланысты "Синьсин" компаниясының өкілдерімен арнайы кездесті,-деп жазады inbusiness.kz.
"Кәсіпорын басшылығы үш күн ішінде қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесі қаралатынын айтты", – деді Нұржан Календеров.
Еске салсақ, кеше қытайлық компанияның 80-нен астам қызметкері әлеуметтік желі арқылы Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаев пен облыс әкіміне жалақыны көтеру мен еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен болатын.
"Меркі – Бурылбайтал" тас жолының құрылысы Жамбыл облысындағы маңызды нысандардың бірі болып табылады. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары 90 пайызға біткен. 2023 жылы толық аяқталып, көлік қозғалысы ашылады деп күтілуде.