​Жолақы 200 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

0
1 453

Қоғамдық көліктегі жолақы 200 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Бұл туралы мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Астана қаласы әкімінің орынбасары Асқар Амрин айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Жолақы 200 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Қоғамдық көліктегі жолақы 200 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Бұл туралы мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Астана қаласы әкімінің орынбасары Асқар Амрин айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Атқарушы билік жолақы мен дизель отынынің бағасының өсуі арасындағы тепе-теңдікті саралауы керек.

«Біз шекті тарифті талқылап жатырмыз. Инфляцияға қатысты мәселеге басты назар аударылады. Біз осы сұрақты талқылай келе қоғамдық көліктегі жолақы бағасы 198,8 теңге болуы мүмкін деген тоқтамға келдік», - дейді Амрин.

Оның айтуынша, алдағы екі аптадан кейін бұл мәселе шешімін табуы керек.

«Құрметті депутаттар, жолақы құны сайлаушыларыңызға қалай әсер ететінін білгім келеді. Мен үшін бұл инфляцияға қалай әсер ететіні маңызды, ал сіздер үшін жолақы бағасын халықтың қалтасы көтере алатыны маңызды. Алдағы екі апта ішінде бұл өте өзекті мәселе болады және жан-жақты талқыланады, өйткені біз екі аптадан кейін бір шешімге келуіміз керек», - дейді қала әкімінің орынбасары.

Осы орайда Астана қаласы мәслихатының депутаты Мирас Шекенов бұл мәселеде қала тұрғындарын қолдайтындарын және олардың құқықтарын қорғайтындарын айтты.

«Талқылау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Көлік қызметкерлері тарифті не үшін жоғарылатынын түсіндірулері керек және олардың жолаушы тасымалдағандағы шығын мөлшері қандай екенін айтулары керек. Біз осының бәріне назар аударамыз және тепе-теңдік ұстауымыз қажет. Жолақы бағасының көтерілмегеніне көп уақыт болғанын білеміз. Бізге ол кезде жолақысын 150-170 теңге дейін көтеру ұсынылса да, 90 теңгеге дейін ғана көтеруге келісім бергенбіз», - дейді Шекенов.