Жолдан жүгіріп өткен: Петропавлда бойжеткенді автобус қағып кетті

0
970

Yutong көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды.


Жолдан жүгіріп өткен: Петропавлда бойжеткенді автобус қағып кетті
Петропавлда Yutong маркалы маршруттық автобустың жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен жүгіріп өтіп бара жатқан 16 жасар қызды қағып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, аталған оқиға 15 сәуір Қизатов көшесінде болған.
Медициналық көмек көрсету үшін жол апаты болған жерге жедел жәрдем бригадасы шақыртылды. Зардап шеккен қыз түрлі жарақатпен қаладағы медициналық мекемелердің біріне жеткізілді.
Yutong көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды. Медициналық куәландырудың нәтижесі бойынша маршруттық автобустың жүргізушісі сау болған.
Қажетті сараптамалар тағайындап, процессуалдық шешім қабылдау үшін полицейлер материал жинап жатыр.