Жалпы, ескірген маңдайшалар мен көрсеткіштерді ауыстыруға жергілікті бюджетте жыл сайын 40 миллион теңге қарастырылған.
ERNUR.KZ. ҚР премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайлов елорданың атауын өзгертуге қаражатты қайдан іздейтінін мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.
"Мемлекеттік органдарға қатысты, яғни Нұр-Сұлтан қаласының аумағында орналасқан ғимараттардың сыртында ілінетін тақтайшаларды ауыстыруға жылсайынғы мемлекеттік органдарды қаржыландырудан алынады. Бланкалық өнімдерге келетін болсақ, біздің мемлекеттік органдар электронды құжат айналымына көшті, сол себепті бланкаларды шығаруға айтарлықтай қаражат жұмсалмайды. Бұл шығындар бар қаражаттың аясында іске асырылатын болады", - деді Смайлов үкіметте баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Сондай-ақ, ол нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізуге қосымша шығындар қажет еместігін атап өтті.
"Жергілікті атқарушы органдар көрсететін маңдайшаларға келер болсақ, олар жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады. Мен кеше қала әкімімен сөйлестім. Жалпы, ескірген маңдайшалар мен көрсеткіштерді ауыстыруға жергілікті бюджетте жыл сайын 40 миллион теңге қарастырылған. Олар қандай да бір қосымша қаражат бөлуді жоспарлап отырған жоқ",-деді Смайылов.