Жүк көлігі аударылып қалған. Жүргізуші үш күн бойы құтқарушылар көмегін күтіп отыр

0
506

Көктайғақ салдарынан жүк көлігі бүйіріне аударылып қалған.


Жүк көлігі аударылып қалған. Жүргізуші үш күн бойы құтқарушылар көмегін күтіп отыр

ERNUR.KZ. Renault Magnum жүк көлігінің жүргізушісі апаттан кейін үш күн бойы көлігін қардан шығара алмай жүр. Көктайғақ салдарынан жүк көлігі бүйіріне аударылып қалған, деп жазады tengrinews.kz.

"Біз Қостанай бағытынан Ақтөбеге қарай 70 тоннадай жүкпен келе жатыр едік. Шекараға дейін 30 шақырымдай қалды. Тасжол мұз болды. Желдің қатты болғаны сонша, көлікті ұшырып, тіркемесі аударылып қалды. Мұнда бүйіріне құлаған көлік тек біреу емес, алдымызда Өзбекстаннан келген басқа көлік бар. Біз барлық жерге – полицияға, Төтенше жағдайлар министрлігіне, "ҚазАвтоЖолға" хабарластық, әлі көмек жоқ. Жеке адамдарға да жүгіндік, бірақ олар 100 000 теңге сұрайды, бірақ уәде бермей отыр, өйткені жолдар әлі мұз, ешкімнің батылы бармайды", - деді жүк көлігінің жүргізушісі қостанайлық Петр Калугин.