Жүк көлігінің жүргізушісі жантүршігерлік жол апатынан таңғаларлық жағдайда аман қалды

0
922

Жол апаты Петропавл - Жезқазған тасжолында Бескөл ауданы орталығына жақын маңда орын алған.


Жүк көлігінің жүргізушісі жантүршігерлік жол апатынан таңғаларлық жағдайда аман қалды

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар қирап қалған жүк көлігінен 52 жастағы ер адамды алып шықты, деп жазады Tengrinews.kz.

3 қаңтарда 17:00-де Петропавл - Жезқазған тасжолында Бескөл ауданы орталығына жақын маңда ГАЗ 3309 және MAN маркалы жүк көліктері соқтығысты. Ресейде өндірілген көліктің жүргізушісі темір құрсауында қалып қойған.

Құтқарушылар жасағаның жетекшісі Нұрболат Айсин оқиға орнына келіп, ер адамды қалай алып шығуға болатынын ойластырып, өз жұмысына кіріскен.

"Апат-құтқару және гидравлика құралдарын пайдалану арқылы құтқарушылар 20 минутта 52 жастағы Владиславты автокөліктен алып шықты", - делінген баспасөз хабарламасында.

Зардап шеккен ер адам Бескөл ауылындағы орталық аудандық ауруханасында жатыр, оның жағдайы бірқалыпты.