Жұмысқа кірісетін балабақшаларға қандай талап қойылды

0
637

Маусымның басында блок бекеттерді алып тастайды. Мәдениет пен спорт нысандары, ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтар жұмысын жандандырады.


Жұмысқа кірісетін балабақшаларға қандай талап қойылды

ERNUR.KZ. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия балабақшаларды ашу туралы шешім қабылдады, деп жазады sputniknews.kz.


"2020 жылы 1 маусымнан бастап мектепке дейінгі мекемелер мен қосымша білім беру ұйымдары ашылады. Топта адамның саны 15 баладан аспауы қажет", - делінген үкімет басшысының ресми сайтында.

Ресми мәліметке сәйкес, 1 маусым бастап СПА-орталықтар мен фитнес-орталықтар ашылады. Бұдан бөлек, мәдениет пен спорт нысандары, ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтар өз жұмысын бастайды. Ал 15 маусымда кинотеатрлар ашылатын болады.

Айта кетейік, маусымның басында блок бекеттерді алып тастайды. Сол кезде қалааралық автобус пен пойыз қатынасы ашылады.

Комиссияның бүгінгі отырысында халықаралық рейстерді де ашуға рұқсат берілді. Жоспар бойынша алдымен Қытай, Оңтүстік Корея және Әзербайжанмен арадағы рейстерді ашу мәселесі пысықталады. Ал екінші кезеңде Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия, Тайланд пен Чехияға әуе қатынасы ашылады.