Жұмыстан шығып қалған жедел жәрдем қызметкерлері наразылығына басшылық жауап берді

0
380

Жаңаөзенде сот шешіміне сәйкес, жедел жәрдем қызметкерлерінің ереуілі тыйылды. 11 адам қызметінен босатылды, 30 адам әріптестерін қолдау тұрғысында өз еркімен жұмыстан босатуды сұрап, өтініш берді.


Жұмыстан шығып қалған жедел жәрдем қызметкерлері наразылығына басшылық жауап берді

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров Жаңаөзендегі жедел жәрдем қызметкерлеріне қатысты жағдайға түсініктеме берді, деп жазады zakon.kz.

Маңғыстау облысың Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров жедел жәрдем қызметкерлеріне қысым көрсету фактілері орын алғанын айтады.

Аманбек Жұмыровтың айтуынша, қызметінен босатылған қызметкерлер әлі де жұмысын жалғастырып жатқан әріптестеріне қысым көрсете бастаған.

"Оларға қорқыту-үркіту түрінде қоңыраулар түсе бастаған, өздерін қолдап, жұмыстан кетуді талап еткен. Жұмыстан соң фельдшерлердің бірін алдында жұмыстан шығып қалған әріптестері күтіп алып, ұрып кеткен. Бұл оқиға фельдшерлердің демалатын бөлмесінде орын алған. Ол Жаңаөзен қалалық ауруханасының травматология бөліміне келіп түсті. Екі шекесінің де тіндеріне зақым келген, сондай-ақ кеудесінде де көгерген орындар болған. Сондай-ақ, кейбір жұмысшылардың үйінің терезесін шағып кету фактісі орын алды. Осыған байланысты олар өз еркімен жұмыстан босатуды сұрап, өтініш жазуға мәжбүр болды. Сондай-ақ, олар еңбек демалысы мен ауруына байланысты демалыс алған әріптестерін жұмыстан шығуға үгіттеген", - дейді Аманбек Жұмыров.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы "әріптестерін қорғансыз қалдырмайтынын" мәлімдеді. Ол ереуілге шыққандардың барлық талаптарын орындау мүмкін емес екенін атап өтті. Жалақыны көбейту - уақытты талап ететін үдеріс, деп атап өтті Аманбек Жұмыров.

"Ертең сіздердің әрекеттеріңіздің салдарынан Сіздің отбасыңыздың мүшесіне жедел жәрдем көлігі келмей қалды деп елестетіп көріңізші. Біздің міндетіміз - адамдарға көмектесу, өйткені әлемде адам өмірінен қымбат ештеңе жоқ", - дейді Аманбек Жұмыров.

Жаңаөзенде сот шешіміне сәйкес, жедел жәрдем қызметкерлерінің ереуілі тыйылды. 11 адам қызметінен босатылды, 30 адам әріптестерін қолдау тұрғысында өз еркімен жұмыстан босатуды сұрап, өтініш берді.