Жүргізушілерге автобус жолағымен жүруге рұқсат беріледі

0
489

Қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Жүргізушілерге автобус жолағымен жүруге рұқсат беріледі

ERNUR.KZ. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Үкімет қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулы жобасын әзірледі, деп жазады zakon.kz.

Жол жүрісі қағидаларындағы "Маршруттық көлік құралдарының басымдығы" деген бөлімнің 2 тармағы бірінші абзацын өзгерту ұсынылады:

2. 5.9, 5.10.1 – 5.10.3 белгілерімен белгіленген маршруттық көлік құралдарына арналған жолағы бар жолдарда 07.30-дан 9.30 сағатқа дейін, 17.00-ден 20.00 уақыт аралығында қоғамдық көліктердің жүруі жүзеге асырылады және аялдайды (Қағидалардың 24-бөлімінің 2 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда), қалған уақыттарда және демалыс күндері осы жолақта қоғамдық көліктерден басқа көлік құралдары жүру және аялдау жүзеге асырылады, делінген қаулыда.

Қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.