Жүргізушілерге құрма таратқан: 15 жастағы алматылықты көлік қаққан сәт видеоға түсіп қалды

0
649

Соқтығыс сәті көліктің бейнетіркегіш камерасына түсіп қалған.


Жүргізушілерге құрма таратқан: 15 жастағы алматылықты көлік қаққан сәт видеоға түсіп қалды

ERNUR.KZ. Алматыда 15 жастағы жасөспірімді көлік қағып, қаза тапты, деп жазады tengrinews.kz.

Оқырмандар қайғылы оқиғаның видеосын ұсынған.

Соқтығыс сәті көліктің бейнетіркегіш камерасына түсіп қалған. Кадрлардан баланың жолды белгіленбеген жерден кесіп өткені көрінеді. Осы кезде жеңіл көлік жылдамдықты бәсеңдетуге үлгермей, жаяу жүргіншіні қағып кетеді.

Оқырмандардың айтуынша, оқиға 18 сәуірде кешкі сағат 19:45 шамасында Абай даңғылында Жетісу-3 шағын ауданына қарама-қарсы жерде болған.

"Toyota Camry жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен баланы қағып кетті. Оқиғадан бір сағат бұрын ол ауызашарға үлгермеген жүргізушілерге құрма мен су таратқан болатын", - дейді марқұмның футбол клубында бірге жаттығатын досы.

Полиция бұл деректі растады.

"Абай даңғылы бойымен батыс бағытта келе жатқан 1998 жылы туған жүргізуші 2007 жылы туған кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қаққан, ол белгіленбеген жерден жолдың солтүстік бағыттағы бөлігін кесіп өтті. Соның салдарынан жаяу жүргінші түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізіліп, кейін қаза болды", - деп хабарлады қалалық ПД.

Дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалған.