Жыл басынан бері 10 мыңнан астам бала коронавируспен ауырған

0
483

Балалардың ауруды жұқтыру дерегі жаз маусымында күшейген.


Жыл басынан бері 10 мыңнан астам бала коронавируспен ауырған

ERNUR.KZ. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов хабарлады, деп жазады baq.kz.

Оның айтуынша, індетке шалдыққандар арасында балалар да бар.

Басқарма басшысы бүгінгі таңда 834 бала амбулаторлық деңгейде ем қабылдап жатқанын алға тартты.

Ересектерден бөлек, коронавирус инфекциясын жұқтыру деректері балалардың арасында да кездесіп отыр. Қазіргі уақытта КВИ бойынша оң нәтижемен 74 бала стационарлық ем қабылдап жатыр. Олардың ішінде 7 бала вирустың ауыр түріне шалдыққан. Бірақ палатада жатыр, жағдайлары тұрақты. Реанимация бөлімшесінде балалар жоқ. Тәулігіне 12 бала ауруханаға жатқызылады, - деді басқарма басшысы.
Балалардың ауруды жұқтыру дерегі жаз маусымында күшейген. Маусым айынан бастап оларда айқын клиникалық симптомдар көріне бастапты.
Жыл басынан бері 10 мыңнан астам бала коронавируспен ауырған. Бұл стационарлық, сондай-ақ амбулаторлық пациенттер. Балаларда интоксикация, қызу көтерілуі, қалтырау байқалады. Инкубациялық кезеңі ересектердегідей 4 күннен 14 күнге дейінгі аралықты құрайды. Шок жағдай да кездеседі. Ересектерді балаларымыздың қауіпсіздігі үшін вакцина алуға шақырамыз, - деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.