Жыл басынан бері қазынаға қанша салық түскені белгілі болды

0
416

Биылғы жартыжылдықта мемлекет бюджетіне 7,15 трлн. теңге салық түсіп, жоспар 106,4%-ке орындалды.


Жыл басынан бері қазынаға қанша салық түскені белгілі болды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Комитет мәліметінше, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, мемлекеттік бюджетке салықтық түсімдер 2,3 трлн. теңгеге көбейіп, 1,5 есеге өскен. Аталған кезеңде бюджетке 567,2 млрд. теңге сомасындағы қосымша резерв түсімдері қамтамасыз етілді. Камералдық бақылау мен салық аудитінің тиімділігі 162,7 млрд. теңгеге өскен.

2022 жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік кірістер органдары салық және кеден бағытында 9,9 млн. мемлекеттік қызмет көрсетіп, оның ішінде 99%-і электронды түрде көрсетілген.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда электронды қызметтер саны 1,9%-ке өскен.

Одан бөлек, мемлекеттік кірістер органдарының Байланыс орталығына кеңес алу үшін хабарласқан азаматтардың 97%-і операторлардың жұмысына оң баға берген.