"Жыны келетін" вице-министр жаңа қызметке тағайындалды

0
1 239

Серік Жұманғарин Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі атанды.


ERNUR.KZ. Бұрын ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарған Серік Жұманғарин Қазақстан Республикасы атынан Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі болып тағайындалды, деп жазады sputniknews.kz.

"Еуразиялық экономикалық кеңестің 2019 жылғы 21 мамырдағы шешімімен Серік Жұманғарин Қазақстан Республикасының атынан Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі (министр) болып тағайындалды және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының дербес құрамына енді", - делінген хабарламада.

Айта кетсек, бұған дейін Серік Жұманғарин ұлттық экономика вице-министрі, монополияға қарсы ведомствоның төрағасы, өңірлік даму вице-министрі қызметтерін атқарып, монополияға қарсы комитеттің өңірлік бөлімшелерін басқарған.

Сонымен қатар, Жұманғарин шараға қатысы жоқ сұрақтар қойған тілшілерге "жынымды келтірмеңізші" деп жауап беріп, аты шыққан еді. Бұрынғы вице-министрдің бұлай жауап беруіне тілші Арай Сүгірбайдың тарифтер туралы сұрағы себеп болды. Бұл сауал шенеунікке жақпай қалған, ол сол кезде шағын және орта бизнесті қолдау туралы сөйлескісі келген болатын.