«Жынымды келтірмеңізші, блин»: Вице-министрдің журналиске берген жауабы (ВИДЕО)

0
1 583

Шенеуніктердің журналистермен дөрекі сөйлесуі бірінші рет емес.


«Жынымды келтірмеңізші, блин»: Вице-министрдің журналиске берген жауабы (ВИДЕО)

Ұлттық экономика министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің журналист сауалына берген жауабы желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Вице-министр орынбасарына тілшілердің бірі тарифтер туралы сауал қойып еді, оған бұл сұрақ ұнамай қалған сыңайлы.

«Жынымды келтірмеңізші. Бұл басқа шара ғой. Не болды? Кеше парламентте айттым тарифтер туралы. Ондай болса өздеріңіз тұра беріңіздер», – деп ол бірден сұхбат беруден бас тартты.

Дегенмен өзге журналист әңгімені басқа арнаға бұрып, Жұмағаринді сұхбат беруге көндірген.

«Шара шағын және орта бизнес жайлы. Ал сіздер тариф жайлы сұрайсыздар. Маған арнайы келіңіздерші, мен сізге тариф туралы айтып беремін. Жынымды келтірмеңізші», – деген вице-министр журналистің сұрағына жауап беруге көшті.

Бұл видеоны әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқылау үстінде. Бірі шенеунікті айыптаса, екіншісі ақтап та жатқаны байқалады.

Айта кету керек, шенеуніктердің журналистермен сөйлескенде дөрекілік танытуы бір бұл емес. 2013 жылы Байқоңырдағы апатқа қатысты Үкімет кеңесінен шыққан Талғат Мұсабаев тілшілермен кездесу сәтінде «КТК» телеарнасының тілшісін балағаттап, кеудесінен итеріп жіберген еді.