"Зорлады деп айыптаған": Алматы облысында 19 жасар қыз сотталды

0
1 322

Әшкере болды...


Иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Алматы облысында жалған сөз жеткізген бойжеткен 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды, деп жазады Polisia.kz.

2020 жылдың мамыр айында Талдықорған қаласы ПБ Батыс қалалық полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабына сәйкес (Зорлау) дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында тергеуші өтініш берушінің жауаптарындағы бірқатар сәйкессіздіктерді анықтады. Олар анықталған кейбір жайттарға қарама-қайшы келді.

Сараптама қорытындыларымен және басқа да объективті дәлелдермен теріске шығарылды. Өзге біреудің үстінен полицияға арызданған Көксу ауданы Мұқыры ауылының 19 жастағы тұрғынының өз танысына көрінеу жала жапқаны әшкере болды. Тәртіп сақшылары зорлау дерегі бойынша қылмыстық істі қысқартып, көрінеу жалған сөз жеткізу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 419-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғады.

Сотқа дейінгі тергеу материалдары негізінде осы жылдың қазан айында Талдықорған қалалық сотының үкімімен 19 жастағы қыз кінәлі деп танылып, оған 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.