​​АСҚАБАҚ шырыны БАУЫРДЫ тазалайды

0
2 663

Өз тәжірибемнен өткен керемет емді ұсынамын.


​​АСҚАБАҚ шырыны БАУЫРДЫ тазалайды

фото: nvkz-tub.ru

Осыдан бір жыл бұрын аллергия пайда болды. Алғашқыда аллергиядан айығу үшін ем қабылдадым. Дәрі ішкен кезде көмегі болғанымен біраз уақыттан кейін қайталайды. Түшкіріп, көзім қызарып, әбден мазам қашты. Сосын дәрігерлер барлық ағзаны толық тексеруден өткізіп, қажетті ем алу керектігін, аллергия бауыр, өт ауруларынан да болатынын айтты. Айтқандай-ақ бауырда айтарлықтай өзгеріс бар екен. Ем қабылдадым. Бауырды тазалап, қалпына келтіру үшін ұзақ емделу қажет болды. Үзбей дәрі ішіп жүрген едім. Мұны көрген әріптес әпкем бауырдың нағыз емі – асқабақ шырынында екенін айтты. Одан бөлек де көкөніс шырындарымен бауырды сау қалпына келтіруге болатынын оқып білдім.

Сенесіз бе? Қазір аллергиядан да айықтым, өзімді жеңіл сезінемін. Бет, қол терісі де ағарып, дақтар кетіп, жасарып қалдым. Мүмкін сіз де мен қабылдаған емді байқап көрерсіз. Көмегі көп.


Асқабақ шырыны

Асқабақ ағзаны улы заттан, шлактан тазалайды. Бауырды емдеп, қандағы холестериннің деңгейін реттейді.

Жаңадан сығылған асқабақ шырыны құрамындағы биологиялық белсенді затты сақтайды. Сонымен қатар С және А дәрумені мен пектин, фолий қышқылының арқасында бауырды тазалайды әрі емдейді.


Қызылша шырыны

Шикі қызылша түрлі дәрумендер мен минералды заттарға бай. Сондай-ақ, А және С дәрумендері мен никотин қышқылының қайнар көзі болып табылады. Бұл көкөніс шырыны бауырдың клеткаларын жаңартады, зат алмасуды реттейді және шлакты шығарады. Сонымен қатар, өт шығару жолдарын тазалап, ісігін басады.


Алма шырыны

Алманың қаншалықты пайдалы жеміс екені бәрімізге белгілі. Оның құрамы темірге, С дәрумені мен пектинге бай. С дәрумені бауыр клеткаларын жаңартса, пектин асқазан-ішек жолдарын шлактан тазалайды.


Сәбіз шырыны

Қызғылт сары түсті көкөністің пайдасы шаш-етектен екен. Бауырды шлактан тазалап қана қоймайды, сондай-ақ бүйректің де жұмысын жақсартады. Ағзадағы улы затты шығарып, қалпына келтіреді.

фото: krasivoe-foto.ru


Картоп шырыны

Шикі картоп крахмалдан, пектин мен жасұнықтан тұрады. Осы пайдалы заттарының арқасында бүкіл ағзаны тазалауға қабілетті келеді. Жалпы қан айналымын жақсартады, ағзаны қуаттандырады әрі ағзаны сыртқы қауіптен қорғайды.


Цитрусты жемістер

Цитрусты жемістер – аскорбин қышқылының қайнар көзі. Бұл жемістер ағзаны антиоксидантпен, А, Е, В1 дәрумендерімен байытады. Сондай-ақ холестеринді реттеп, зат алмасуды жақсартады.


Қызанақ шырыны

Пайдалы заттардың көзі саналатын қызанақ та талай дертке дауа екенін білесіз бе?

Нақтырақ айтқанда, құрамындағы В тобындағы дәрумендер май алмасуын реттесе, С дәрумені антиоксиданттың қызметін атқарады. А және Е бауыр клеткаларының қалпына келуіне ықпал етеді. Ал аскорбин қышқылы бауырды шлактан тазартады.



Шырынды қалай ішу керек?

Ем үшін ішу тәртібі әртүрлі болады. Айталық, цитрусты, алма, қызанақ, жүзім шырындарын тәулігіне 500 мл шырын ішу керек. Асқабақ шырынын – 300 мл, ал қырыққабат, картоп және қызылша шырындарын 100 мл-ден ішесіз.


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ТҰМАУҒА ем болатын ТӨРТ тәсіл


ТҮНДЕ аяқтың СІҢІРІ тартылып қалса...