Аяғыңызды емес, қолыңызды булаңыз.
фото: osnmedia.ru
Тұмауды емдеудің жолы көп. Біріміз дәрі ішсек, енді біріміз укол салдырып жүрміз. Тиянақты әрі тыңғылықты ем алсаңыз, кез келген дерт жазылады. Десе де, ағзаны дәрімен уламай да емделуге болады екен.
1-тәсіл: тұмаудан бір түнде құтқарады
Мұны дәрігерлер жоққа шығаруы мүмкін. Бірақ өз тәжірибемнен өткен соң жазып отырмын. 1,5 литр қайнатылған жылы суға 1 шай қасық ірі тұзды, 1 дана лимонның шырынын, 1 гр. үгілген аскорбин қышқылын қосып, жақсылап араластырыңыз. дайын болған емдік сусынды ұйқыға жатардан 1,5-2 сағат бұрын аз-аз жұтымнан ішесіз. Таңертең тұмаудың белгісін де сезбейсіз.
фото: nvkz-tub.ru
2-тәсіл: аяғыңызды емес, қолыңызды булаңыз
Байқасаңыз, суытап қалдым, тұмау болдым дегендердің көпшілігі кешке аяғын ыстық суға салып отырады. Бұл тәсілді қолданатындар туралы естіген боларсыз. Иә, бұл дұрыс ем. Бірақ ыстық суға аяқты емес, қолды салу керек. Тұмаудан тез жазылу үшін ыдысқа 37-38 градустағы ыстық суды құйып, екі қолыңызды салыңыз. Су салқындаған сайын шамалап ыстық су құйып отырыңыз. Осылайша судың температурасын 41-42 градусқа дейін көтересіз. Емделу уақыты – 10 минут. Емнен соң қолыңызды құрғатып сүртіп, жылы орап алыңыз немесе жылы қолғап кисеңіз де болады.
3-тәсіл: тұмауды өлтірудің төте жолы
4 дана жұмыртқаның сарыуызын ыдысқа салыңыз. Оған шамалап шекер қосып, миксермен араластырасыз. Әбден көпіршіген кезде 0,5 литр жылы сыра қосыңыз. Оның үстіне шым-шым даршын мен 3-4 дана алампыр, үгілген жарты лимон қосыңыз. Ыдысты отқа қойып, 5-7 минуттай баяу отта қайнатыңыз. Осы уақыттан соң дайын болған қайнатпаны сүзіп алып, 3-4 рет бөліп ішіңіз. Екінші күні ем қабылдаудың қажеті болмай қалаы.
4-тәсіл: сарымсақ пен пияз
Бұл ежелден келе жатқан ем екенін бәріміз де білеміз. Бірақ екі қоспаның қайнатпасын ішу арқылы ғана емес, буын пайдалану арқылы да дертіңізге дауа таба аласыз.
Ол үшін 1 дана пияз бен бірнеше тіс сарымсақты турап, жаныңызға қоясыз. Жиі-жиі мұрныңызға жақын әкеліп, иіскеңіз.
Л.АХМЕТОВА,
Тағы оқыңыз:
Аязда денеңізді жылыту үшін жаттығу жасаңыз