​«15 тәулік отырады»: Қайрат Нұртас жазасын Шымкенттегі арнайы қабылдау орнында өтейтін болды (видео)

0
3 849

«Төбелестің басы тойдан басталған»


​«15 тәулік отырады»: Қайрат Нұртас жазасын Шымкенттегі арнайы қабылдау орнында өтейтін болды (видео)

Танымал әнші Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынды. Астананың әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қайрат Нұртасқа қатысты істі онлайн режимде қарап, осындай қаулы қабылдады.


Әншінің үстінен Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі, 434-бабының 2-бөлігі бойынша (бір жылда қайталап жасалған ұсақ бұзақылық) және 73-бабы 1-1-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру") бойынша іс қозғалған еді. Сотта өнер иесі өзіне жәбірленуші ретінде қарауды өтінді.


«Мен ұрған жоқпын, ол алдымен мені соққыға жықты. Ол екеуміз дос болғанбыз. 4 шілдеде тойға шақырды. Мен барудан бас тарттым. Ал ол «бармасаң, алдыма тізерлеп келесің" деді. Сосын мені басымнан алып, бірінші болып ұрды. Сосын мен де ұрдым. Бірақ тәртіпті бұзған жоқпын. Бұл жерде мен – жәбірленушімін. Ол бірінші бастады. Мені ұрғаннан кейін ғана ұрдым. Жарақатты бәріміз алдық, ең бастысы тыныш отырдық қой. Ұшақта кездесіп қалған кезде мені бірінші ұрды. Мен де қарап тұрмай, оны да бір-екі рет ұрдым. Бұл жөніндегі кінәмді толығымен мойындаймын», - деді Қайрат Нұртас.


Ал Аслан есімді жәбірленуші өз тарапынан мән-жайдың қалай болғанын айтып берді. «Мені жерден алып, жерге салып боқтаған сөздері де бар. Таңертең тұрып ортақ достарымызға хабарласып, ол неге мені боқтады, ренжулі ме деп сұрадым. 4 шілде күні жолға шықтым, сол кезде ұшақта Қайратты көрдім. Сосын «неге боқтадың» деп сұрадым. Сол кезде мені Қайрат ұрды. Сосын екеуміз ұшақ ішінде екі жаққа отырдық. Ұшақтан түскен соң полиция екеумізді алып кетті», – деді жәбірленуші.


Қайрат Нұртастың анасы соттан ұлына айыппұл салуды сұрады. Ал прокурор әншіні 15 тәулікке қамауды сұрады. Сот прокурордың сұранысын қанағаттандырды. Енді ол жазасын Шымкенттегі әкімшілік қамауға алынған адамдарға арналған арнайы қабылдау орнында өтейтін болады.