Айгүл Иманбаева: "Ұлым "Алтынай тәте жақтырмайды" деп жылап келсе де, әкесімен араластырдым"

0
3 714

Айгүл Иманбаева ұлы Асылжанға ашық сұқбат берді.


Айгүл Иманбаева:

Белгілі актриса, әнші Айгүл Иманбаева өзінің әкесі және ұлының әкесі жайлы ашық айтып, сұқбат берді. Бір ерекшелігі - сұқбатты актрисаның өз ұлы Асылжан Сәбитұлы жүргізеді.

Айгүл Иманбаева алдымен бала кезінде әке образының дұрыс қалыптаспағанын, оның жиі ішіп, анасына қол көтергенін еске алды. Ал әкесімен қарым-қатынасының түзелуіне өз мінезіндегі және өміріндегі қиындықтар әсер еткенін айтты. Сондай-ақ ол ұлының әкесі туралы сөз қозғап, ұлын онымен араластыру үшін жасаған әрекеттерін де ашық айтты. Олай етуіне өзінің және інісінің өмірі себеп болған.

"Сенің әкеңмен араласқаныңды қаладым. Алтынай мен Сәбит бірге тұратын кезде де жібере бердім. Есімде "Бармаймын! Жақтырмайды, Алтынай тәте" десе де жақындата беруім - қазіргі менің жеңісім сияқты. Өйткені жүрегім тыныш, балам әкесіз емес" дейді - Айгүл Иманбаева.


Бұл хабар желіге жарияланған бойда, үзінділері тез тарап қызу талқыға түсуде. Оқырмандар түрлі пікір жазып, олардың ара-қатынастарын өздерінше топшылап жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Асылжанның әкесі белгілі продюсер, актер Сәбит Әбдіқалықов. Оның екінші әйелі Алтынай Жорабаевадан төрт қызы және үшінші некедегі әйелінен бір ұлы бар.