Душанбеден бет алған ұшақ Алматыға қиын жағдайда қонды

0
376

Әлеуметтік желілерде тараған видеолардан борттағы адамдардың шулағанын және балалардың жылағанын есту қиын емес.


Душанбеден бет алған ұшақ Алматыға қиын жағдайда қонды

Фото: tiktok.com/@serzhanaidana

ERNUR.KZ. Алматыда күн райының қолайсыздығынан ұшақ апатты жағдайда жерге қонған, деп жазады inbusiness.kz.

Kris_p_almata парақшасында жарияланған кезекті бейнежазбаны жолаушылардың бірі түсіріпті. Ондағы пікірлерде ұшқыштың кәсіби біліктілігі, батыл әрекеті жолаушылардың аман-есен жерге қонуына себепші болғаны жазылған.

Еске салайық, Душанбеден ұшқан рейс күн райының қиын жағдайына қарамастан, Алматы қаласына сәтті қонған. Екінші бір жерден түсіріліген видеодан қатты дауыл мен жауын-шашынның әсері әуе кемесіне айтарлықтай қиындық тудырғаны анық байқалады. Яғни, ақ шаң арасында ұшақтың теңселіп келе жатқаны мен қону барысындағы көзге оғаш қимылы сәтті таспаланып қалған.