"Алмат аяқ астынан нілдей бұзылды": Сәуле Жанпейісова жұбының неге олай еткенін түсінбегенін айтты

0
4 583

Дәстүрлі әнші өзіне бұл шешімді қабылдау оңайға түспегенін айтады.


Белгілі дәстүрлі әнші Сәуле Жанпейісова өзінің тележобаға қатысқалы жатқанын және ондағы жұбының аяқ астынан өзгеріп кеткенін айтып, желіде жазба жариялады.

Айтуынша, алғашында актер Алмат Сақатовпен бірге өнер көрсететін болған. Кейін оның қатыспайтынына байланысты Жүсіп Ақшорамен бірге додаға түспек.

Сәуле Жанпейісова: "Достарым! Сіздермен қызықты жаңалығыммен бөлісейін. Мен телеарнасында өтетін "Егіз-лебіз" бағдарламасына қатысайын деп шештім.
Мұндай шоуға қатысу туралы шешім қабылдау маған қаншалықты қиын екендігін түсінесіздер ғой.
Дәстүрлі әнді дәріптеп жүрген Сәуле Жанпейісова енді эстрада әншілерімен бақ сынамақ. Бұл қалай болар екен? Ал, мен өмірімді қызықты еткім келді. Сіздер үшін де қызықты болар деген ойдамын.
Бұл өзі мен үшін басталмай жатып қызық болды. Менің екі жұбым болды.)
Бірінші, Алмат Сақатовпен біраз дайындық жасадық. Бір күні Алмат аяқ астынан нілдей бұзылып, қатыспаймын деді.
Содан "Шаншар" театрының актері Жүсіп Ақшора ағамызбен бірге өнер көрсететін болып шештік.
Жүкең Шымкентте, мен Алматыда. Репетиция - онлайн. (( Алла қаласа, 27 ақпан күні тікелей эфирге шығамыз.
"Шешінген судан тайынбас" демекші, енді шегінерге жол жоқ. Не де болса тәуекел деп, Сіздердің алдарыңызға шыққалы отырмын. 1-ші Аллаға, 2-ші өздеріңізге сенемін!
Сіздер ойламаған образда шығып жатсам, сөге жамандамаңыздар".


Әншінің өзі "қорқып" тұрғандай көрінгенімен, оның тыңдармандары барынша қолдайтындарын айтып, ақ тілектерін ақтарған. Пікірге "Апай Сәттілік, Жүсіп Ақшора мырза мықты актер, қарапайымдылықтың символығой, керемет жұп болып, Финалда "Бас жүлде" алу бұйырсын...", "Сенің қолыңнан бәрі келеді,сіңілім. Сәттілік тілеймін!" деген сөздер көп жазылыпты.