​«Әркім өз әлемінде бақытты»: Айкерім Қалаубаева Нұрлан Әлімжанмен қарым-қатынасы жайлы айтты

0
3 561

«Ешкімнің отбасы ойрандалған жоқ»


​«Әркім өз әлемінде бақытты»: Айкерім Қалаубаева Нұрлан Әлімжанмен қарым-қатынасы жайлы айтты

Танымал әнші Айкерім Қалаубаева әріптесі Нұрлан Әлімжан екеуіне қатысты қауесетке нүкте қойды. Өнер иесі Нұрлан Әлімжанмен тек достық қарым-қатынаста екенін мәлімдеді.


«Қымбатты менің парақшамдағы асыл жандар! Нұрлан екеуміз сонау бала кезден бір-бірімізге еркелеп өскен достармыз. Жұмысымызға үлкен жауапкершілікпен қараймыз. Ешкімнің отбасы ойрандалған жоқ, шүкір! Бізді байланыстырған нәрсе – өнер. Бір-біріміздің жеке шекарамызға мұрын сұқпаймыз. Әркім өз әлемінде бақытты. О, Жаратқан Ием! Елім, ата-анам, ер-азаматым, балаларым, бауырларым және менің қымбатты инста әлемімдегі достарым бағыма аман болсын, әмин», - деді Айкерім Қалаубаева.


Айта кетейік, Айкерім Қалаубаева соңғы бірер жылдан бері актер Нұрлан Әлімжанмен бірге той басқарып, әртүрлі видеолар түсіріп, оны желіге жариялайтын еді. Осыдан кейін желі қолданушылары екеуін жұп ретінде көргісі келетіндерін жазатын. Өнер иелері жақында ғана «Рас па?» атты жаңа ән жаздырып, оған бейнебаян түсірген болатын.


Әншінің мәлімдемесіне көпшілік тағы да пікір жазып, баға берді. «Осы екеуі сериал түсіріп жүр-ау», «Екеуі үйленіп алған дейтіндер енді не жазар екен?», «Дос екендеріңді ашып айтқаның дұрыс болды, әйтпесе...», «Жұрттың алдында не үшін ақталасыздар, бақытты болыңыздар!», «Екеуінен керемет жұп шығар еді, әттең», «Мен әлі де сенбеймін, бұлар үйленіп алған сияқты» деп жазды желі қолданушылары.