​«Әртістің көлігі әртіске бұйырды»: Дариға Бадықова ұйымдастырған ұтыс ойыны дауға ұласты

0
1 140

«Халық болып жиналып Дәркенге көлік сыйладық»


​«Әртістің көлігі әртіске бұйырды»: Дариға Бадықова ұйымдастырған ұтыс ойыны дауға ұласты


Көпшілікке «Келінжандағы» Айсара рөлімен танылған актриса Дариға Бадықова ұтыс ойынын ұйымдастырып, 3333 теңгеге билет сатып, жеңімпазға өзінің «Ақмаржан» атты темір тұлпарын сыйлауға уәде еткен болатын.


Күні кеше жоспарланған ұтыс ойыны өтті. Дариға Бадықованың «Ақмаржаны» Дәркен Есімбек есімді актерға бұйырды. Дәркен ел ішінде Елбасымыз Н.Назарбаевтың дауысын салатын пародист ретінде танылған.


Актриса Дариға Бадықова ұтыстың әділ өткенін айтып, желідегі парақшасында жазба жариялады. «Құдайдың алдында аппақпын. Арам пиғыл жасамадым. Бұйырған кетпейді! Қуаныштың көз жасы. Сенбей жатқан кісілерге айтарым, сенімсіздік өздеріңізден кетпесін. Дәркен, тек игілігіңе мінші. Менің зәрем ұшты. Сырттай әдейі ұйымдастырылған сияқты көрінген болар. Бірақ мен Дәркеннің кім екенін білген жоқпын. Сенсеңіздер осы, сенбесеңіздер өздеріңіз біліңіздер. Төбемде бір Құдай» деді ол «Инстаграм» парақшасында.


«Айсараның» ұтыс ойыны әлеуметтік желіде қазір қызу талқыланып жатыр. «Қарапайым, ештемеге қатысы жоқ кісі алғанда дұрыс болар еді», «Екеуі де таза әртіс қой, жылап, сықтап әртістіктерін көрсетті», «Бәріміз жиналып Дәркенге машина алып бердік, ағайын», «Күшті қойылым болды, «Келінжаннан» асып, потолок болды бұл», «Қылышбек жеңгенде болар еді, шайтан арбасын тастайтын», «Еркек басымен бір темір үшін еңірегені несі, әртіс-ей» деп жазды көпшілік.


Ал Дариға Бадықова өзін сынаған халыққа былай деп жауап берді: «Негізі неден қашсаң, соған тап боласың деген рас қой. Осы ойынды бастағанда «таныстарым, туыстарым билет алмаса екен» деп тіледім. Дәркеннің атын көмекшім Дархан деп қателесіп жазыпты. Енді мына оқиғаны қараңыздар. «Дархан» деген адам ұтты дегенде «танысым емес қой» деп бір жеңілдеп қалдым. Сөйтсем Дәркен боп шықты. Ал Дархан деген өзінің қайтыс болған ағасы екен. Көмекшілерім қателесіп жазып қойыпты. Айналып келгенде Дәркеннің бағы боп тұр ғой. Оның үстіне ол бір-ақ билет алған екен. Алла нәсіп етті деген осы ғой. Ал енді сіз ұта алмасаңыз, еще оны әділ өтпеді деп маған аузына келгенді құсып отырсаңыз, онда пейіліңізден көріңіз. Ниеті, ойы таза адам бұндайды ұтпайды».



Бөлісу