Димаш Құдайберген желіде әсерлі видео жариялады

0
1 554

Әнші Сочиде өткен концерттен үзінді видеомен бөлісті.


Димаш Құдайберген желіде әсерлі видео жариялады

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Сочиде өткен концерттен үзінді жариялады. Видеодан әншінің сахнадан түсіп, құшағында сәбиі бар әйелдің қасына жақындап, нәрестенің бетінен сүйгенін сәтін тамашалауға болады. Димаш иығына Қазақстанның туын жамылған.

Әншінің бұл әрекеті көпшіліктің жүрегін елжіретті. Желі қолданушылары тыңдарманының бетін қайтармай, сәбиді сүйген Димашқа алғыстарын жаудырды. Сонымен қатар, Димаштың иығына Қазақстанның туын жамылғанын мақтан тұтып, залда отырған көрермендердің қазақ тілінде ән шырқағанына тәнті болды.

"АЛЛА берген құлыншақ! Аман жүр", "Музыка патшасы! Айтуға сөз жоқ!", "Сен бүкіл әлемге махаббат бересің", "Айналайын, халқыңа деген махаббатың үшін мың да бір рахмет!", "Нағыз патриот" "Қандай керемет", "Баланы алып шыққаны, оны сүйіп алғаны жүректі елжіретті. Димаш, браво! Керемет концерт", "Сондай жағымды көрініс", "Көзіме жас алдым. Димаш жанына келгенде қобалжып, не істерін білмей қалған алдыңғы қатардағы әйел сияқты толқып кеттім", "Димаш, сенімен туған жерің мақтансын! Сені патриоттығың үшін құрметтейміз және жақсы көреміз", - деп жазды әншінің тыңдармандары.

Айта кетсек, Димаш Құдайберген 10 желтоқсанда Нью-Йоркте Arnau tour ENVOY атты жеке концертін береді. Қазақстандық әнші бірнеше тілде – қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде ән салады.