«Экс-махаббатым есіме түссе, мазам қашады»: Меруерт Түсіпбаева ғашығы сыйлаған қымбат сөмкесін сататынын айтты

0
1 237

«Маған «Fendi» сөмкесінен бұрын ванна керек»


«Экс-махаббатым есіме түссе, мазам қашады»: Меруерт Түсіпбаева ғашығы сыйлаған қымбат сөмкесін сататынын айтты

Отандық танымал әнші Меруерт Түсіпбаева жуырда жаңа үй сатып алғанын сүйіншілеген еді. Енді ол сол үйіне ванна сатып алу үшін бұрынғы ғашығы сыйлаған 1,5 млн теңгелік «Fendi» сөмкесін сататынын айтты. Өнер иесінің айтуынша, қазір оған қымбат сөмкеден бұрын жайлы ванна қажет. Оның үстіне ол сөмкені ұстаған сайын экс-махаббаты есіне түсіп, мазасы қашуы да мүмкін. Әнші «Fendi» сөмкесін 2 есе арзан бағада сатылымға шығармақ.


Желі қолданушылары Меруерт ханымның ойын қоштап отыр.

«Сөмке сөзсіз керемет, но ванна маңыздырақ», «Сатып жібер. Үйіңнің ішін реттеп ал. Сумкаң көп қой» деген сияқты пікірлерді оқуға болады.