Елбасының анасына ән арнаған Нұрболат Абдуллинді оқырмандары жағымпаз деп сынады

0
14 372

Нұрболат Абдуллинді оқырмандары жағымпаз деп сынады.


Елбасының анасына ән арнаған Нұрболат Абдуллинді оқырмандары жағымпаз деп сынады

Нұрболат Абдуллинді оқырмандары жағымпаз деп сынады.

Өзінің инстаграм парақшасына әнші: "Бұл менің шығармашылығымдағы шоқтығы биік әндерімнің бірегейі болмақ! Көзайым болыңыз көрермен! "ЕЛБАСЫНЫҢ АНАСЫ". Әні мен сөзінің авторы: Болат Әбішұлы" деген жазба қалдырып, өзінің су жаңа бейнебаянының үзіндісін жариялады.

Бірақ әншінің тыңдармандары бұл әнді аса ұната қоймаған сияқты, өйткені "Бұл өлең, барып тұрған жалпылдау. Нұрболат Абдуллин сондай өлең айтатынын күтпеппін", "Аналардын дарасы, елбасынын анасы дегеніңіз калай болғаны? Əр адамға өз анасы дара емес пе?! Анадан ана əулие емес деп ойлаймын.Бəсе, неге осы бала өзінше болып жүреді десем, жақсылап тұрып жағымпазданып жүр екен ғой! Ел қорғайтын, жер қорғайтын, намысты қазағымның жігіттері қайда жоғалып кетті екен?", "Осылай ғана көтерілу керек пе аға?! Жігіттік емес..." деген сынды пікірлер көптеп жазылуда. Бірақ арасында аталмыш әнді ұнатып, елбасының анасы ән арнауға лайық деп сүйікті әншілерін қоштағандар да болды.

"Елбасының анасы" бейнебаянының толық нұсқасы:


Фото: @abdullin_nurbolat

ERNUR.KZ