Қалқаман Сарин "Шалқар" радиосындағы басшылық қызметінен кетті

0
2 048

Қалқаман Сарин "Шалқар" радиоарнасының директоры болып 2018 жылдың 26 қаңтарында тағайындалған.


Қалқаман Сарин

Қалқаман Сарин "Шалқар" радиосындағы басшылық қызметінен кетті. Бұл туралы ақын Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

Қалқаман Сарин "Шалқар" радиосындағы басшылық қызметінен өз еркімен кеткенін жазған. Сондай-ақ ол өзі басшылық еткен уақытта радионың қандай жетістікке жеткенін де көпшілікке айта кеткен.

"Мен бүгіннен бастап, "Шалқар" радиоарнасындағы қызметімнен өз еркіммен кетіп барамын. Радиоарнадағы әріптестеріме алғысым шексіз. "Білікті ұжым еңбегінің арқасында "Үркер - 2018" ұлттық сыйлығын алдық. Биыл "Шалқар" ұлттық радиоарнасының шығармашылық ұжымы отандық радионың дамуына қосқан үлесі үшін президенттің алғысына ие болды. Радиоарна хабарларының міндеті мен жанры қайта қаралып, ұлттық радиоарнаның мақсаты қазір толықтай ұлттық бағытқа ауысты. Студияның эфирі де қазақи нышанда ою-өрнекпен безендіріліп, нағыз ұлттық шаңыраққа айналды. Таңдаулы хабарлар видеоэфир арқылы әлеуметтік желіден көрсетіледі. Әріптестермен бірге бағындырған белестер, жеткен жетістіктер өте көп. Ұжымның қызметіне әрдайым тілекшімін. Ұлттық радиоарна қарыштап дами берсін, тыңдарманы көп болсын", - деп жазды ақын парақшасында.