​«Құдайдан безгеннің әңгімесі»: актер Ұлан Нүсіпәлі мектепте намазхана бөлмесін ашуды ұсынды

0
1 407

«Мектеп оқушылары осы бетімен кетсе, Ауғанстан болатын күн алыс емес»


​«Құдайдан безгеннің әңгімесі»: актер Ұлан Нүсіпәлі мектепте намазхана бөлмесін ашуды ұсынды

Қазақстанның еңбек сіңірген Қайраткері, актер Ұлан Нүсіпәлі мектеп ішінен намазхана ашып қоюды ұсынды.


Ол белгілі журналист, блогер Сәуле Әбілдаханқызының «Мектеп оқушыларына мешітке баруға ораза ұстауға, ауызашар жасауға заңмен тыйым салу керек» деген постына қарсы пікір жазды.


«...Бұрынғы бұрынғы ма, қазір бұрынғыдан асып түсетін болыпты. Ораза ұстап, тақуа болуды сәнге айналдырғ,ан оқушылар енді «ауызашар жасаймыз» деп 4-5 мың теңгеден жинайды екен. Ол ақшаны әрине, ата-аналарынан сұрайды. Кейбір ата-ана үшін 4-5 мың теңге деген түк емес шығар, ал кейбір ата-ана үшін ол ақшаны табу оңай емес. Әсіресе, 4-5 бала бағып отырған, күйеуі ғана жұмыс істейтін әйелдер үшін, жалғызбасты аналар үшін әр теңге санаулы...


Ораза... ауызашар... ақша жинау... Оның соңы – анасының баласына сөйлеуі, баласының анасына өкпелеуі, ұрыс-керіс, өкпе-реніш... Сонда ол балалардың оразасы қандай ораза, діні қандай дін? Ислам діні емес екені анық. Тым болмаса сол балаларға «ауызашарды кәмелет жасына толған адам өз маңдай терімен тапқан ақшаға жасау керек, садақа деген сондай болады. Ата-анаңнан жырып алған ақшаға дастархан жасап бас қосу садақаға жатпайлы, ауызашар емес жай ғана «бешір» деп айтатын ата-ана болмай тұр... Мектеп оқушылары осы бетімен кетсе, Ауғанстан болатын күн алыс емес» деп «Фейсбукте» өз пікірін білдірді Сәуле Әбілдаханқызы.


Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен осы постқа актер Ұлан Нүсіпәлі де өз ойын қосты. «Құдайдан безгеннің әңгімесін қайтесіздер. Дұрыс, ораза ұстасын! Намазын оқысын, одан зиян жоқ. Қайта иманжүзді, жақсы адам болып қалыптасады. Мектептен бір намазхана бөлмесін ашып қойса да артық етпейді» деп жазды ол.