Күйеуінің үстіне шығып алып ұрып жатқан әйел көптің ашуына тиді

0
3 802

Ер адамның шашынан ұстаған әйел оның бет-аузына бірнеше рет соққы жасаған.


Күйеуінің үстіне шығып алып ұрып жатқан әйел көптің ашуына тиді

Әлеуметтік желіде еркектің үстіне шығып, бет-аузынан аямай жұдырықтап жатқан әйел туралы видео жарияланды.

Онда ер адамның мас немесе өзін өзі басқаруға мүмкіндігі жоқ екені байқалады. Осыған орай видеоны көрген желі қолданушыларының да пікірі екіге бөлінген.

"Араққұмар еркек осылай қор болып, бəрінің алдында жер болып жүреді", "Күйінгеннен осылай істеген шығар", Әбден мезі қылған ғой әйелін. Шыдамның да шегі бар, қашанға дейін еркегінің қылығына көнеді, осылай берекесін қашырып отырса", дейді әйелдің қылығын жақтағандар.

Сондай-ақ, әйелдің қылығына ашуланып, оның жер-жебіріне жеткендер әлдеқайда көп болыпты.

"Не болды сонша ер адамды қорлап, ішсе де, не істесе де мұнысы ұят. Мынаны көрген бала әкені сыйлай ма? Ал, әкені сыйламаған бала адамды сыйлай ала ма?", " Сұмдық, мынандай әйелмен қалай тұрады? Ауру ғой, емделу керек", "Ойбуй, ер жігіт шамасы жетеді ғой, жəй əйелін сыйлап тұр да. Әйелдікі тіпті дұрыс емес, əйел - əйел болып қалу керек əрқашанда", - деп пікір білдірген оқырмандар.



Әзірге видеоның қайда түсірілгені белгісіз, сөздеріне қарағанда көрші елде болуы мүмкін.

Ескерту! Бейнежазбада бейәдеп сөздер айтылады!