Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы той жүргізгенін күйеуі жақтырмайтынын айтты.
Белгілі журналист өзінің айына екі ғана той жүргізе алатынын өзінің инстаграм желісінде жариялады.
Ләйлә Сұлтанқызы: «Тойдың науқаны басталды. Жүргіземін, бірақ сирек. Ұйымдастырушылар ол жағын жақсы біледі.
Көп жағдайда хабарласқандарға «отказ» беруге тура келеді. Жұмыс күндері тікелей эфирден шыға алмаймын, ал сенбі, жексенбі отбасыммен болғым келеді. Оның үстіне Қайрекең де жақтыра бермейді. Шын айтам! Әйтпесе, Алмас Алтай "жүрші бірге" деп айтып жүргеніне біраааз болды.
Сол себепті үйден қуып жібермесін десеңіздер, маған ренжімеңіздерші той ұйымдастырушылары. Айына 2-ақ той ала аламын, онда да тек Жан Мұқанов ұйымдастырса ғана...».
Жүргізушінің бұл жазбасын оқыған оқырмандары оны тамада ретінде елестете алмайтытындарын айтуда.
Фото:@sultankyzy