Бұл туралы қала әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.
Отандық эстраданың жарық жұлдызы, халықтың сүйікті әншісі Мейрамбек Бесбаев Алматы қаласы әкімінің мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жаңалықты Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жария етті.
"Бүгін, Мейрамбек Бесбаевты мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшім етіп тағайындадым",- деп жазды шаһар басшысы.
Бұл жаңалықты естіген көпшілік әншіні жаңа қызметімен құттықтап, ақ тілегін жаудырды.
"Құтты болсын! Мейрамбек бұдан да жоғары қызметке лайықты. "Мейрамбек сеніміңізді ақтайды", "Сағынтаев мырза, сізге көп рахмет!", "Жарайсыздар", "Алла жаңа істе абырой берсін", -деп жазды оқырмандар.