Халықтың сүйіктісі Мейрамбек Бесбаев өзін сынаған ғалымға жауап берді. Жақында ғана әлеуметтік ғылым магистрі болған әнші еліміздегі белді оқу орны Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-ті бітірген болатын. Оның бұл ізденісін сынға алғандарда жоқ емес, бірақ кеше өзінің инстаграм парақшасында Мейрамбек мырза төмендегідей жазба қалдырып, ренішін жеткізгендей болды.
Халықтың сүйіктісі Мейрамбек Бесбаев өзін сынаған ғалымға жауап берді.
Жақында ғана әлеуметтік ғылым магистрі болған әнші еліміздегі белді оқу орны Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-ті бітірген болатын. Оның бұл ізденісін сынға алғандарда жоқ емес, бірақ кеше өзінің инстаграм парақшасында Мейрамбек мырза төмендегідей жазба қалдырып, ренішін жеткізгендей болды.
Мейрамбек Бесбаев: "Қадірлі, достар! Өкінішке орай, біздің арамызда қуанышқа ортақтаса алмайтын, іштарлығы бар адамдар да кездеседі. Өзі ұстаз, өзі журналист-ғалым Мырзантай Жақып деген ағамыз фейсбукте мені ғалым болып біреудің орнын тартып алғалы жүрген адамдай сипаттапты. Менің өнерде өз жолым бар. Ешкімнің жолына да, қызметіне де таласқан емеспін. Бала күнімнен музыка мектебінде оқыдым. Ұлттық консерваторияда білімімді жетілдіріп, Т.Жүргенов атындағы Театр және өнер академиясын бітірдім. Жаңа заман талабына сай сол оқыған білімімді дамыту үшін "Мәдениеттану" мамандығы бойынша магистратураны жалғастырдым. Экономика, заң, физика сияқты басқа саланы қуған жоқпын. Ел сөз қылмасын деп ашық диссертация қорғауға да келісім бердім. Келген адамдардың бәрі қорғаудың қалай өткенін көздерімен көрді. Түркияның, Әзербайжанның елшілігінен де арнайы өкілдер қатысып отырды. Өз салам бойынша білімімді жетілдіруге менің де құқым бар деп ойлаймын. Кейде осындай сәттерде кімнің дос, кімнің дұшпан екені де белгілі болып қалады. Мен ешкімге жамандық тілемеймін. Баршаңызға тек қуаныш тілеймін!".
Қашанда Мейрамбекті жоғары бағалайтын ел оның бұл жазбасынан кейін қолдау білдіріп, мұндай сындарға құлақ аспауға кеңес берді. Олардың ішінде танымал өнер жұлдыздары мен белгілі азаматтар да бар.
Фото: m_besbaev
ERNUR.KZ