"Мен сияқты жалғыз тұратын әйелдің мұң-зарын қалай түсінбек?": Түсіпбаева депутат Қарақат Әбденнің ұсынысын сынға алды

0
1 501

Меруерт Түсіпбаева: "Оставьте в покое Кз женщин".


Әнші Меруерт Түсіпбаева су жаңа депутат Қарақат Әбденді сынға алды. Оның ойынша шат-шадыман өмір сүріп жатқан депутат әйел жалғызбастылардың жағдайын түсіне алмайды. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.

Ал әншінің мұндай жазба жариялауына Әбденнің Қазақстанда қыздарға шетелдіктермен некеге тұруға салық енгізу туралы мәлімдемесі себеп. Бұл ұсынысты депутат президенттікке кандидат болып жүрген кезінде теледебатта да айтқан еді.

Меруерт Түсіпбаева: "Қарақат ….Бір партиядан екінші партияға көбелектей ұшып - қонып , ойланбай-ақ айырбастай салатын #легко …. Өзге ұлттың дәстүрлерін бұлжытпай орындайтын суық суға ,қыста сүңгитін #впрорубь Қарақат….ЕНДІііі….бәрін қатырып тастап ,қазақтың қыздарын саудалауға кіріскен #сужаңадепутат Біз - құл ма едік?! Тістерін санап сататындай?! Арине, бағын тауып, бизнесмен байының от құшағында, Астананың қақ төрінде , зәулем сарайда , бала- шағасымен шат- шадыман өмір сүріп жатқан депутат ханым, мен сияқты , жылдар бойы жалғыз тұрып жатқан айелдің мұң- зарын қалай түсінбек?! #сытыйголодномунетоварищ , Қарақат ханым!! Қз- да енді сататын, саудалайтын нәрсе қалмай, қазақтың қыздары қалды ма?! Бұл мәлімдемеңіз, адамның жеке өміріне қол сұғу емес пе?! Вам не кажется , что это нарушение неприкосновенности личной жизни, что карается уголовным законом, в частности…. Оставьте в покое Кз женщин , это их личный выбор , за кого выходить замуж, с кем и куда уехать , не решайте за Нас! Лучше определитесь сами так Вы за за кого?! ИТак …Выыыыы?! за #красных или за #белых?! а #Аманат или за #Ауыл?! Или Вам все равно?! Лишь бы ближе к власти?!".


Мұны оқыған оқырмандар да депутат пікіріне қарсылық танытып, "Салық салғыш екен, бұл қатын алдымен азық түліктің бағасын арзандатсын, бензиннің бағасын түсірсін, педофилдерге өлім жазасын енгізсін!", "Оданда күйеуден таяқ жеп куйеулері өртеп баламен тастап жатқан аналардың құқығын қорғас аңшы", "Қыз кімге тұрмысқа шықса да сүйіп қосылған адамымен бақытты болсын деп тілеулес болу керек… 10 млн.нан біреуі шетел азаматын сүйіп қалса неге салық салу керек, Қазақстаннан жылына 50 қыз тұрмысқа шықса, соның салығынан байып кете ма? Салықтан қорқып тұрмысқа шықпай тұрмайды ғой…. Мемлекеттің қамбасын толтыруды көздесе, жемқорларды акыздықтаңыздар, ұрыларды аямай жазалау заңын шығарыңыздар - депутаттар!" деген пікірлерін жазуда.

Десе де арасында шетелдікке тұрмысқа шығатын қыздарға тоқтау салуды қолдайтындардың да табылатынын байқауға болады.