Атақты әнші Меруерт Түсіпбаева Алматы қаласының әкіміне инстаграм парақшасы арқылы осылай үндеу жолдады.
Атақты әнші Меруерт Түсіпбаева Алматы қаласының әкіміне инстаграм парақшасы арқылы осылай үндеу жолдады. Ол жазбасында әкімге ояныңыз деген өтінішін айтып, Алматы қаласында сусыз отырғанын жазған журналист Айжан Қалиеваның жазбасын бөліскен.
Меруерт Түсіпбаева: "Байбек мырза-түсінемін ,жастық-мастық-албырт шақ...қатырдаңыз, жарайсыз! Раxмет,сізге зрелище, эстетитеское пресыщение. Енді xалыққа суууууууууу -керек....Су-все просто....Да ....Воды -не зрелищ. Өтінеміз-жерге түсіңіз! Өзіңіз басқарып отырған Алматының қарапайым тұрғындардың мұқтажына құлақ түріңіз. Ауууууууууу, Әкім мырза-ояныңыз!
"ПАРАДОКС: Алматының іргесіндегі өзім тұратын 71-разъезд ауылында мамыр айынан бастап ауыз су жоқ. Күн 40 градус күйіп тұр, біздің ауылдың тұрғындары ішерге бір жұтым су таппай жүр. Ал судың күшін (напор) көбейту үшін әкімдік "қаражат жоқ" дейді. Бірақ қаланың қақ ортасына 23 миллионға тиін орнатып, оны тоғыз айдан кейін өртеуге ақша табылады. Бұл мәселені Алатау ауданы әкімдігі шешіп береміз дегелі бір ай өтті, қалалық әкімдікке мамыр айында шағым айттық. Ораза айында да ел-жұрт дәретін алып, мейірін қандыратын су таппай сабылды. Міне, шілденің шіліңгір ыстығы келді. Бізде әлі су жоқ. Кір жуып, душқа түсу былай тұрсын, ішерге су таппай, жердің астынан шығатын құм аралас лай суды бір-бірімізден тасып жүрміз. Алатау ауданы депутаттарына да жеке өзім шығып, көмек сұрадым. Көмекшілері атқамінерлерге аталған мәселені жеткізіп, бір хабарын беретіндерін айтқан. Әзірше хабарласқан ешкім жоқ. Әкімдік қаланың көркеюіне деп тоғыз айдан кейін өртенетін тиінге қаражат бөлгенше, су таппай сандалған халықтың проблемасын шешсе ғой..."
Әншінің жазбасын оқыған желі қолданушылары оның сөзіне қосылып, кейбірі өздері туған ауылда әлі де ауыз су жоқ екенін айтып күйінген. Ал тағы бірі "23 миллионга салған "Белка" келіп су орнатады енді..." деп әзіл сөзбен түйреген.
Фото: @mira_tusupbaeva
ERNUR.KZ