Нұрболат Абдуллин: "Ауылымның атырабын көріп көзіме жас алдым"

0
5 066

Белгілі әнші Нұрболат Абдуллин ауылда арбамен жұмыс істеп жүрген видеосын желіге жүктеп жанкүйерлерін тәнті етті. Видео жүктеген жазбасында өзінің балалығын айтып, естеліктерімен бөліскен.


Нұрболат Абдуллин:

Белгілі әнші Нұрболат Абдуллин ауылда арбамен жұмыс істеп жүрген видеосын желіге жүктеп жанкүйерлерін тәнті етті. Видео жүктеген жазбасында өзінің балалығын айтып, естеліктерімен бөліскен.

@abdullin_nurbolat: "Жарқамыс суреттері. Иə, ауылға барып келдім. Сағыныш мауқымды бастым. Өзім өскен өлкенің өсімдігіне дейін білетін бала бас балалағыммен қайта қауышқандай болдым. Анау сайы мынау, құмы балығы мен киігі кезген ауылымның атырабын көзіммен көріп жас алдым. Өмірімде бірінші рет туған жерімде Қарашаңырағымда әкемнің батасымен, анамның асы даярланған дастарханында ауызымды аштым. Аллаға шүкір! Қандай бақыт! Дəм бұйырды деген осы. Алты күнгі ауылдағы серуенімде @dinshoraev екеуміз ауылдың алты ауызын айтып таңды таңға ұрдық. Бұл жігіт сіздер сүйіп тыңдайтын "Вальс" əнінің композиторы.Бəкірдің туған жеріне келіп'арқасы қозып'шабыты шарықтап біраз əндер шығарғаны маған аян. Бұйырса, менің репертуарымнан естисіздер. Ал мынау ауызашар алдындағы аулада бітпей қалған аз ғана аш қарынға болатын арбамен бітетін жұмыстардан көрініс. Ифтар жақын тілек-ниет қабыл болсын".


Мұны көрген желі қолданушылары әншінің қарапайымдылығы мен сөз саптауына разы болып, тілектестіктерін білдіріп жатыр.

Фото: @abdullin_nurbolat:

ERNUR.KZ