​«Өз жарамызды өзіміз жалап жазамыз»: Актер Еркебұлан Дайыров су тасқынына байланысты ойын айтты

0
2 165

«Қазағымның қадіріне жете алмай жатыр»


​«Өз жарамызды өзіміз жалап жазамыз»: Актер Еркебұлан Дайыров су тасқынына байланысты ойын айтты

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Азияның үздік актері атағын жеңіп алған актер Еркебұлан Дайыров «Инстаграм» парақшасында елдегі су тасқынына байланысты өз пікірін білдірді.


«Ес білгелі ақша жинап келе жатырмыз. Бұрын мектепте, сыныптың ремонтына болса, кейін ауылға спорт кешенін салуға, одан қалса ауылдан шыққан ардақты ақындар мен батырлардың тойына. Әзір, міне, Аллаға шүкір, ауыл-аймақтан көтеріліп, мемлекеттік деңгейдегі іс-шараларға ауыстық. Табиғи апаттар мен тағы басқа толып жатқан жағдаяттарға атсалысатын болдық.


Кейде маған біздің халық апанында жатып алып, өз жарасын өзі жалап жазатын, арып-аршыған көкбөріні елестетеді. Қасиетіңнен, кең жүрегіңнен айналайын, қайран халқым! Қадіріңе жете алмай жатыр-ау...


Ал Үкімет ше? Күлтөбенің басында күнде жиын, нәтиже жоқ. Заңның түрі анау, мәдениет онсыз да түсінікті. Амалсыз өткендегі мақал қайта оралды ойыма, «Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар» деген. Бәрі бір Аллаға аманат! Батысты су шайып біткенше, Бишімбаевтың онлайн сотын тамашалайық, ағайын!» деп жазды Еркебұлан Дайыров.


Актердің бұл жазбасына өнердегі әріптестері, желі қолданушылары да өз пікірлерін білдірді. «Солай, халық өзін-өзі асырап, орман өртенсе де, су тасыса да, аспаннан ұшақ құласа да өз жарасын өзі жазып, өз-өздеріне көмек көрсетіп отыр..», «Өз қотырын өздері қасыған қайран қазағым-ай», «Бәсе, Бишімбаевтың соты неге хит боп кетті десем, мәселе арыда жатыр екен ғой», «Ащы шындықты айттыңыз», «Бұл – насыбайсыз жаңа Қазақстан!» деп жазды көпшілік.