«Спектакль қатты әсер етті»: Актер Аян Өтепберген ақтөбелік аруға үйленді

0
2 387

«Күйеуімді көргеніме қуаныштымын»


«Спектакль қатты әсер етті»: Актер Аян Өтепберген ақтөбелік аруға үйленді

Танымал актер, «Жаужүрек мың бала» тарихи фильмінде Таймастың рөлін сомдаған Аян Өтепберген шаңырақ көтерді. Әртістің таңдауы ақтөбелік Аружан есімді аурға түсіпті.


Аян Өтепбергеннің үйленетінін бұған дейін ұстазы, белгілі режиссер Асхат Маемиров «1001 түн» бағдарламасында айтқан болатын. «Аянға «Абай мен Тоғжан» спектаклі қатты әсер етті. Ондай қойылымның махаббатпен аяқталуы да заңды. Оның таңдауы театрдан емес, сырттан болды. Бірақ өнерден алыс емес» деп айтқан еді.


Ал күні кеше Аян Өтепбергеннің қыз ұзату тойында тұрған суреттерін otepbergen.ayan_fc парақшасында жарияланды. Аружанның жеке парақшасынан сән әлемінде модель боп істейтінін байқадық. «Күйеуімді көргеніме қуаныштымын» деп «Инстаграмына» видео салды әртістің келіншегі.