Танымал тележурналист Жанар Байсемізова күйеуге шықпаған қыздарға арнап кітап шығармақ. Ол бұл туралы өзінің инстаграм парақшасында хабарлап, басқа да қазақ әйелдерін қалай тұрмысқа шыққандарын айтуға шақырды.
Танымал тележурналист Жанар Байсемізова күйеуге шықпаған қыздарға арнап кітап шығармақ. Ол бұл туралы өзінің инстаграм парақшасында хабарлап, басқа да қазақ әйелдерін қалай тұрмысқа шыққандарын айтуға шақырды.
janar_baisemizova: "Аса мәртебелі инста-замандастарым! Сіздерге бір бұйымтайым бар. Атап айтқанда тұрмысқа кеш шыққан қыздарға. Өздеріңіздің ғажайыптарыңызды қағазға түсіріп, маған жолдауға қалай қарайсыздар? Ең жүректі тебірентіп, ой салатын дүниелерді жақында жарық көретін кітабыма қосамын. Сіздің өмірлік жолыңыз басқа қыздарға үлгі болсын. Шамшырақ болсын. Қателігіңіз, күнәңіз, ақымақтық істеріңіз бен керісінше парасаттылық, шыдамдылық, тазалық, сенімділік бәрін қосыңыздар. Егер қысылсаңыздар аты-жөндеріңізді жарияламаймын. Тұрмысқа шығу үшін қандай әрекет жасап, нендей сынақтардан өткеніңізді қағазға төгіңіз. Әдемі, әдеби жазбаймын деп қиналмаңыз, өзім жөндеймін. Өз адамын жолықтыра алмай жүрген қыздарға менің ғана емес, Сіздің де өміріңіз үлгі болсын. Техникаларды да жазыңыздар. Жастарыңызды көрсетіңіздер. Яғни қанша жасыңызда тұрмыс құрғаныңызды. ( 30-дан жоғары). Басқа адамның тарихын баяндасаңыздар да болады".
Отбасы 37 жасында құрған Жанар Байсемізова әлеуметтік желі арқылы күйеуге шығуға арналған түрлі техникаларымен бөлісіп, арнайы тренинг-семинарлар да өткізіп жүр.