Сыңғырлаған дауысымен халықтың жүрегінен орын тапқан әнші Жанар Айжанованың қылығы елге ерсі көрінді.
фото: ғаламтордағы ашақ дерккөзден
Қазақы домбырамен ән шырқап, дәстүрлі әнді дәріптейтін әнші Жанар Айжанова соңғы кездері отандық комедия жанрындағы кинолар мен бағдарламалардан жиі байқалып жүр. Ал, соңғы күндері әншінің әлеуметтік желілірге тараған "Жаулап алдың инстагам" атты видиосы көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп жазады ERNUR.KZ тілшісі.
Қазақтың қыздарын әнге қосып, бұрымдыларға тамсанған әншіге бұл жолы ел қайран қалды. Әдеттегідей, заманауи әнмен, трендтегі биді үйлестірген Жанар Айжанованың әрекеті көпшілікке ұнамады. Елуді алқымдап, немере бағар шағында секеңдеп билеуін ұят санады.
"Бұрын қандай салмақты әнші еді, қазір жасына сай емес тәлпіш болып кетті", "Үлкен әйелге жараспайды ғой, ене болып отырмайсың ба секеңдемей", "Жасы елуге келгенде халықтың алдына клоун болып шығу қалған ба, ерсі көрінеді екен", "Айтуға сөз жоқ, арғы жағына бермесе не пайда, қырыққа келгенде қатын құтырады деген осы шығар" , деген сынды пікір қалдырды көпшілік.