​«Жанболаттың жұмысы да, үйі де жоқ...»: Жазира Байырбекова тұрмысқа шыққан кезін есіне алды

0
2 963

«Қазір есеп пен төсек махаббат алға шықты»


​«Жанболаттың жұмысы да, үйі де жоқ...»: Жазира Байырбекова тұрмысқа шыққан кезін есіне алды

Танымал әнші Жазира Байырбекова тұрмысқа шыққан кезін есіне алды. Ол сондай-ақ тұрмысқа шыққалы отырған қыздарға өз кеңесін берді.


«Қыздарға қандай кеңес бересіз?» депті. Біздің тәжірибеміз қазіргі жастарға өтпейді. Әр заманның өз талабы бар. Мысалы, мен жұмысы да, үйі де, атағы да жоқ жігітке тұрмысқа шықтым. Бәріне бірге жүріп жеттік.


Қазір үйі бар ма, бизнесі, жұмысы бар ма, мамандығы қандай, әке-шешесі немен айналысады, бәрі маңызды дейді. Қайсысы дұрыс, нақты білмеймін. Бірақ, махаббат бірге тұрғанда сыйластыққа, достыққа, бауыр басуға айналмаса өшіп қалады. Махаббат та, байлық та, атақ-даңқ та жоғалуы мүмкін. Тек мейірімді адамның мейірімділігі ғана жаныңда қалады», - деп жазба жариялады Жазира Байырбекова.


Өнер иесінің постына желі қолданушылары да ой қосты.


«Қол ұстасып бәріне бірге жеткенге не жетсін, адал, еңбекқор болуы керек. Бірақ қазір мүлдем басқаша», «Дұрыс айтасыз, дайын асқа тік қасық болсаң, оның қадіріне жетпейсің. Маңдай термен екеулеп табу керек», «Жарың сүйіп, сыйлап тұрмаса дүниең де, атағың да бір тиын», «Бәрі ниетіңе қарай болады», «Жанболат пен Жазирадай жұптар көбейе берсін», «Қазір махаббат жоқ, есеп пен төсек махаббат алға шықты» деп жазды көпшілік.